«3 рет ажырасқан, 2 баласы бар»: Райымның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің кім екені белгілі болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 4.0k

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазановаға ұсыныс жасаған жігіттің кім екені белгілі болды. Ол алматылық кәсіпкер Жәнібек Ерболатұлы болып шықты, деп хабрлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алайда желіде болашақ күйеу жігіттің бірнеше рет үйленіп, ажырасқаны жайлы әңгімелер тарап кетті.
“Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімдікі”, – деп ақталды ол.
Кәсіпкер өзінің ажырасқанын мойындап, бірақ алдағы өмірінде бақытты болуға лайық екенін жеткізді.
“Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр? Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", — деп жазды кәсіпкер.
@mereyabilova7 ♬ Айта алмай келем - Daniyaarman