«Химиядан сабақ берген ағай, діни басқарманы қалай басқарып отыр?!»: Айгүл Орынбек Шымкент қаласында орын алып жатқан былықтарды айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 1.1k

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол эелідегі парақшасында жариялады. Ол Шымкентте кадрлық тағайындауларға көңілі толмайтынын жеткізді.
“Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысының назарына!
Ең бірінші Шымкент қаласының діністері басқарма басшысын ауыстыруды сұраймын!Шымкенттің идеологиясын қатырмаған адам, діни басқармасын қатырады деп ойламаймын!Химиядан сабақ берген ағай, діни басқарманы қалай басқарып отыр?! Біз қай мазхабты ұстанатынымызды біледі ме екен?», — деді заңгер.
Айтуынша, Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып жатыр.
«Үш жыл бойы жеке діни мектеп мұрындарының астында жұмыс істеп келген. Соны ішкі саясат, дін істер басқарма басшылары неге білмеген?Бұл дегеніміз яғни әр маман өз саласымен жұмыс жасап жатқан жоқ!
Шымкентте кадрлық тағайындауларға араласа бермейтін едім. Бірақ білім және дін және ішкі саясат басқармалары ойнайтын жер емес. Арнайы кадрлық тексеру жүргізуіңізді сұраймын!
Әйтпесе бандиттерден бастап, туған жылын ауыстырып, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып кеткен. Дұрыс тағайындалмаған кадр қаланың құлдырауына әкеліп соғады!”, — деп жазды ол.