"Қайнымның үш баласы, бір үйдің үш баласы": Түркістан облысында 24 жастағы ақыл-есі кем жігітті жаппай зорлап келген
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 18

Түркістан облысында ақыл-есі кем жігітті жаппай зорлады деген күдікпен алты адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келес ауданының 24 жастағы тұрғыны өзін 14 жылдан бері туыстары мен ауылдастары қорлап жүргенін анасына айтып берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Бұл жерде 100 шақты үй тұрамыз. Шағын ауыл. Өзімнің аталас, қайнымның үш баласы, бір үйдің үш баласы бұл жерде кезек-кезегімен істеп келген. Одан кейін тағы өзінен 10 жас кішкентай бала да зорлап келген. Өзінен үлкен де зорлап келген, кіші де зорлап келген. Менің күйінетінім сол. Бұның әлсіздігін пайдаланып, әкесі жоқ екенін пайдаланып, жылдар бойы қорлап келген, - дейді жәбірленушінің анасы.
Ал зорланды деген жігіт туабітті мүгедек. Ақыл-есінде кемістігі бар оның дамуы төрт жасар баланың деңгейінде қалып қойған. Айтуынша, ауылдастары ұзақ жыл зорлап келіпті. Соңғы рет ақпан айында қорланған жігіт, қатты ауырсынған соң, бәрін анасына айтып берген. Осыдан кейін полицияға шағымданып, іс қозғалған.
Күдіктілердің төртеуі ересек болса, екеуі — кәмелетке толмағандар. Солар жазасыз қалады деп алаңдайды анасы. Ал «алдын ала сөз байласып, топ-тобымен сексуалды зорлық-зомбылық көрсету» бабымен іс қозғаған полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындаған. Күдіктілердің тағдыры соның қортындысына байланысты болмақ.
«Аталған факт полиция бөлімінде тіркеліп, барлық мән-жайыy анықтауға бағытталған жедел-тергеу жүргізілді. Yәтижесінде полицейлер алты жергілікті тұрғынды жеткізіп, жауап алды. Сараптамалар тағайындалды және жедел тергеу шаралары жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.