Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы әуежайының қызметкерін пышақ ұстаған ер адам кепілге алды (ВИДЕО)

Алматы әуежайының қызметкерін пышақ  ұстаған ер адам кепілге алды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
7 минуттан кейін әуежай аумағында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды қарусыздандырды

Желіде Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін, 7 наурызда болған. Бейнежазбада пышақ ұстаған ер адамның еденде отырған қызды шашынан ұстап тұрғанын, ал қыз баланың айқайлап жылап, көмек сұрағанын байқауға болады.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның рейс алдындағы тексеру аймағында болғанын хабарлады.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда (Т1) өзін жолаушы ретінде таныстырған деструктивті ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына жақындады. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің күзетшілері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұрағанда, оған жауап ретінде ол күзет қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін әуежай аумағында желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері ер адамды қарусыздандырды», - деп хабарлады әуежайдан.

Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде қамауға алынды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар