Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Байларыңызды арқандап, байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманәлі әйелдерге шүйлікті

«Байларыңызды арқандап, байлап ұстаңыздар»: Әнару Құрманәлі әйелдерге шүйлікті
Сурет: ашық дереккөздерден
Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан «ақ, таза» қыз іздемес еді

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде өзін отбасылы ер адамдардың мазалайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол әйелдерге сын тағып, күйеулеріне дұрыс қарауға кеңес берді.

«Маған әрдайым әйелі бар еркектер келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен сиқырлы күшім тартатын шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өз арсыздықтарыңызды менен көрмеңіздер. Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан «ақ, таза» қыз іздемес еді», – деп жазды ол.

Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлініп, кейбірі мұны Әнару Құрманәліге құрылған қақпан екенін жазуда. Мұны бойжеткеннің өзі де жоққа шығармады.

Еске салсақ, Әнару Құрманәлі өзін боксшы Жанқош Тұраровтың зорлағанын айтып, айыптаған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар