Әнші Кеңес Әлімжан Таразға тойға бара жатып жол апатына түсті
- автор kyn.kz
- 8 наурыз, 2025
- 15.6k

Әндері көпшілік жүрегінен орын алып үлгерген Кеңес Әлімжан Таразға тойға бағыт алған. Алматыдан көмекшісімен бірге шыққан өнер адамы оқиға болған сәтте көлікті өзі басқарған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Қазірге белгілісі Жамбыл облысына жеткен жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сол себепті жолдың екінші бағыты жабық болған. Әнші басқарған көлікке қарсы беттен үлкен жылдамдықпен, жолаушы толы Альфард шығады. Әншінің көмекшісінің сөзінше ауа райы да нөсерлі болған сол сәтте. Кеңес Әлімжан бірден көлікті жол жағасына қарай бұрып, тас жол жиегіне соғылған.
Апатты жағдайды болдырған Альфард сол жылдамдықпен тоқтамай кетеберген. Тіпті әнші де оның көмекшісі де оның мемлекеттік нөмірін көріп үлгермепті.
Әнші басынан қатты соққы алған. Ең маңыздысы көлікте болған екі адам да дін аман.