
ШҚО-да Риддер қаласында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін болып белгіленді.
Қалалық әкімдік бұл өзгеріс оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыру екенін атап өтті.
«Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті, біз де бұл бастаманы қуана қолдадық. Жұмыс уақытының өзгеруі – күн тәртібін ыңғайлы әрі өнімді етуге жасалған қадам. Енді тұрғындардың энергиясы үнемделіп, таңғы уақыт тиімді пайдаланылады. Сондай-ақ, күндізгі жарықта көбірек іс тындыруға мүмкіндік бар», – деді Риддер әкімінің орынбасары Болат Ақужанов.
Сондай-ақ, жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен бірге талқыланып, белгіленгенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025