Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Фукуок-Астана бағытына ұшқан SCAT әуекомпаниясының ұшағы құспен соқтығысты

Фукуок-Астана бағытына ұшқан SCAT әуекомпаниясының ұшағы құспен соқтығысты
Сурет: cronos.asia
Әуекомпания оқиғаның салдарын жою үшін қосымша әуе кемесін жіберді

Желіде Фукуок – Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысқаны туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі. 

Threads желісінде қазақстандық жолаушы осы оқиға туралы жазба қалдырған.

"Қазақстаннан Вьетнамға ұшу қиын әрі ұзақ, әсіресе балалармен. Оған қоса, Шымкентте тоқтадық, сосын ұшағымыз құспен соқтығысқаны белгілі болды. Ұшақты еш қиындықсыз қондырған пилоттарға үлкен алғыс!" – делінген жазбада.

Бұл жағдайға байланысты Тengrinews.kz сайты SCAT әуекомпаниясынан ресми ақпарат сұрадық.

"Фукуок – Астана бағытындағы VSV5355 рейсі Шымкентке қатты қарсы желдің әсерінен жанармай құю үшін қонды. Осы кезде экипаж ұшақтың құспен соқтығысқанын анықтады. Әуекомпания оқиғаның салдарын жою үшін қосымша әуе кемесін жіберді. Жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, ұшақты күту уақытына қаладағы қонақүйлерге орналастырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", – деп хабарлады әуе компаниясының өкілі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар