Тоқаев: «Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет»
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 наурыз, 2025
- 67

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда діни мәселеге жеке тоқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент діни ағыдарға тосқауыл қою қажет екенін аап өтті.
«Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды», – дейді Тоқаев.
Президент сонымен қатар, құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді.
«Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде. Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс», – дейді ол.