Тоқаев біріңғай уақыт белдеуіне қатысты соңғы нүкте қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 наурыз, 2025
- 601

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайында бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге арнайы зерттеулер жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент біртұтас уақыт белдеуі мемлекеттік басқаруды жеңілдетіп, логистикалық және өзге де процестерді оңтайландыруға көмектеседі
«Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі Үкімет пен Парламент деңгейінде жан-жақты талқыланды. Арнайы зерттеулер жүргізілді, оның нәтижесі қоғамда туындаған алаңдаушылықты растамады. Үкімет мүшелері, депутаттар мен сарапшылардың көпшілігі бұл шешімді қолдайды. Салыстырмалы түрде халқы аз, бірақ аумағы үлкен елімізде біртұтас уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Бұл мемлекеттік басқаруды жеңілдетіп, логистикалық және өзге де процестерді оңтайландыруға көмектеседі. Менің ойымша, осы талқылауды аяқтау қажет. Бұл мәселені саясаттандыруға болмайды», – деді Тоқаев.