«Үйге камера орнату керек шығар?!»: Меруерт Түсіпбаева Құндыз бен Назгүлдің жағдайына алаңдайтынын жеткізді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2025
- 4.2k

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің жағдайын айтып, күтуші әйелден күдіктенді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші екі қыз жүрген үйге камера орнату туралы сөз қылды. Ол Құндық бен Назгүлдің өміріне алаңдаушылығын білдірді.
“Талай жыл құлдықта болған екі арудың он екі де бір гүлі ашылмай қойды-ау. Өткенде Руслан Өтепбай арнайы барып, жағдайларын сұрап, “арықтап кетіпсіңдер” деп алаңдаған еді. Сұхбат барысында маған күтуші әйел ұнамады. Суайт сияқты көрінді. Руслан қайта-қайта жағдайларын сұрай берді. Енді міне, ашық түрде қыздардың етегін ашып, дарақыланып, құпиясын жұртқа жайып салды. Дүйім жұрт оны көріп отыр. Не айтамыз?! Бұл үйге камера орнату керек шығар?! Жабық есіктің ар жағында не болып жатыр?!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Түсіпбаеваның жазбасына қатысты түрлі пікірлер жазуда.
«Қыздарға обал. Соңғы барғанда Русланға бізді алып кетңізші деді», «Әйел қасқыр қатын екені көрініп тұр ғой. Қыздар шынында жүдеген», «Мына әйел де қыздардың жеңгесі сияқты ақшасын алып отыру үшін ұстап отыр ғой", «Неге бұтын шешіп камераға түсірді. Нені дәлелдемекші?!» деген пікірлер қалдыруда.
Айта кетсек, Түркістан облысына қарасты Шілік ауылында 27 жастағы Құндыз бен 33 жастағы Назгүл есімді қыздарды аға-жеңгесі жылдар бойы құлдықта ұстап келген болатын.