Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, денсаулығы сыр берген”: Руслан Өтепбай тағы да қыздардың жағдайын біліп қайтты

“Дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, денсаулығы сыр берген”: Руслан Өтепбай тағы да қыздардың жағдайын біліп қайтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндызға барып, олардың жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, Құндыз дәрілерін уақытылы қабылдамаған. Соның салдарынан денсаулығы нашарлап кеткен.

“Құрметті оқырмандар, соңғы күндері қос қыздың жағдайы сіздерді алаңдатып отырғанын білемін. Сондықтан психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық. Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы бері мүлдем қабылдамағандықтан, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен танысып, олардың қазіргі қамқоршысы Зульфия ханымға медициналық шараларды түсіндірді”, – деді журналист.

Сонымен қатар, ол қыздарды өзімен бірге Алматыға алып кете алмайтынын, тек ай сайын жағдайларын біліп тура алатынын ғана жазды.

“Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу – қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана мен олардың ресми қамқоршысы бола аламын. Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрап тұруыма ешқандай кедергі жоқ. Әр ай сайын барып, олардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек, Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы органдары да қыздарды өз бақылауына алады, – деді журналист.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар