Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл наурыз көже дайындау қанша теңге болады?

Биыл наурыз көже дайындау қанша теңге болады?
Сурет: gov.kz
Наурыз көжеге қосатын өнімнің ішінде жылқы етінің бағасы қымбат болып тұр

Биыл наурыз көже жасауға қанша теңге жұмсалатыны белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының өкілдері көжеге қосылатын өнімдердің бағасын ұсынды, деп хабарлайды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы наурыз көжені дайындау тәсілі әртүрлі екенін ескеріп, тағамға қосылатын негізгі өнімдердің бағасын ұсынды.

"1 литр айранның орташа бағасы – (майлылығы - 2,5 пайыз) 446 теңге. Бұл тағамда қолданылатын тағы бір маңызды өнім – сүт (2,5 пайыз), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең. Арпа жармасының бір келісі орташа есеппен 399 теңге, еліміз бойынша оның ең арзан баға Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген. Күрішке келетін болсақ, оның орташа бағасы келісіне 639 теңге, оның ең арзаны Шымкентте — 535 теңге. Тағы бір маңызды құрамның бірі – жылқы еті, оның бір келісі шамамен 3098 теңге. Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы 76 теңге/кг.

Сондай-ақ тағамға құрт қосылады, ал аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін", - дейді бюродағылар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар