«Шешесімен келісім жасаған»: Қарағандыда 60-тағы еркек алты жасар балалармен жыныстық қатынасқа түскен
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 наурыз, 2025
- 3.2k

Қарағандыда алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен 60 жастағы күдікті ұсталды. Ол өзінің азғын әрекетін бейнетаспаға жазып отырған. Күдікті ойнас үшін кезекті баланы сатып алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қаршадай баласын азғынның қолына бергені үшін аналары ақша алған. Күдікті порнография ролик түсіру мақсатында балалардың шешесімен келісім жасаған.
Азғынға алты жастағы балаларын берген аналарға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бауыр еті баласын сатқан екі келіншек те жезөкшелер екен.
Еске салсақ, Қарағанды облысы Абай қаласында өз анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы еркекке ұзатып жіберген. Қаршыдай қыз бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіп, полицияға арыз түсірді. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.