Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«50 мың теңге үшін сен оразаңды бұз»: желіде оразаны мазақ қылғандар көпшілктің ашуына тиді

«50 мың теңге үшін сен оразаңды бұз»: желіде оразаны мазақ қылғандар көпшілктің ашуына тиді
Сурет: видеодан скриншот
Жолда кездескен екі жігіттің бірі келісіп, оразасын бұзады

Желіде ауыз бекіткен адамға ақша ұсынып, ауыз ашуға үгіттеген видео жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ер адам көшеде өткен-кеткенге ақша мен тамақ ұсынып, оразасын қаза қылуды сұрайды. Ал екінші бір жігіт еш ойланбастан суды іше салған.

Видео авторы мұны әзіл ретінде істеді ме, әлде хайп қуды ма, ол жағы белгісіз. Жолда кездескен екі жігіттің бірі келісіп, оразасын бұзады.

Алайда желі қолданушылары ер адамның әрекетін сынады.

Олар «Оданша ауыз бекітсең 50 мың теңге беремін деп сауапқа кенелмедің бе?!» «Басқа видео түсіруге болмайтын ба еді?! Оразаны мазақ еткендерің қалай?» «Ақша берген адамның өзі кінә арқалады», деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар