Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бойжеткен шымкенттік жігіт өздерін кафеге шақырып, ақысын төлетіп, ұрып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Бойжеткен шымкенттік жігіт өздерін кафеге шақырып, ақысын төлетіп, ұрып кеткенін айтты (ВИДЕО)
коллаж kyn.kz
Жігіт сәтсіз кездесуден кейін екі қыздың үстінен полицияға арыз жазған.

Бойжеткен өзін 30 жастағы ер адам кездесуге шақырып ақырында кафе қызметкерлерінің көзінше ұятқа қалдырып, балағаттап, құрбысын ұрғанын айтты.

«Мені телефонмен хабарласып тамақтанып әрі жақын танысу мақсатында кафеге шақырды. Құрбым екеуіміз барған кезде «Не жегілерің келеді? Бәріне тапсырыс беріңдер» деді. Біз сушиға тапсырыс беріп, жай су іштік. Ол өзіне кофе, газды сусын алдырды. Бір кезде «Еріндеріңді жасатып алғансығдар ма? Кірпіктерің немене?» деп тиісе бастады.

Таныстық тиісуге айналған тұста біз қайтатынымызды айттық. Ол бірден «Жегендеріңе төлеп кетіңдер» деді. Ойладық, әзілі болар деп. Сыртқа шығып, көлігіме отырып  жүргелі тұрғанда, жолымызды тосып тұрып алды. Барлығы айтарлықтай  шиеленіске айналғанда барып, өзім оның жеген тамағының да ақысын төлеп шықтым. Кафедегілер ұрысты көрді, олар қайран қалып күлді. Шықсам құрбым екеуі алысып төбелесіп жатыр. Қыздар бұл жігіт 30-да. Түрін көріп алыңыздар. Нағыз ұят тірлік.

Сушидің ақысын төлегенге ашынып тұрған жоқпын. Тек қыздарды кездесуге шақырып, кемсітіп, тамағына төлету Жігіттің ісі емес. Ол жағдайға таң қалып қойдық. Екінші күні бұл адам полицияға үстімізден арыз жазыпты. Ол құрбымның тырнағын сындырып, телефонын ұрып құлатты, аузына келгенді айтып балағаттады»,-дейді бойжеткен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар