Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника жұмылдырылды.
24 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша үш облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолын еріген қар суы басты. Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.
Келесі мақала
Жел, жаңбыр: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Президент бизнесті қолдау шаралары қабылданатынын мәлімдеді
- авторkyn.kz
- 24 қазан, 2025




