“Аутизм – ауру емес”: Әнші Жасұлан Базарбай ерекше баласының өнерін көрсетті (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 25 наурыз, 2025
- 1.3k

Желіде ер адам ерекше баласының кез келген тілде ән шырқай алатын қасиеті барын көрсетті. Айтуынша, ол ішкі эмоциясын осылай сыртқа шығаратын көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аутист қызының ән салатын ерекше қабілетке ие болғанын айтқан әке мұны таңғажайып құбылыс дейді.
“Менің қызым — аутист. Ол сөйлемейді. Бірақ ән айтады. Ешкім үйде орысша сөйлемейді, алайда ол ұнаған әнін кез келген тілде – мейлі ағылшынша, мейлі кәрісше болсын – нақышына келтіріп орындайды. Бұл – мен үшін күн сайын таңғажайып құбылыс. Себебі, ол ән арқылы өзін білдіреді. Өз эмоциясын, ішкі әлемін сыртқа шығарады. Қарапайым бала емес. Ерекше бала. Дарынды. Терең сезетін. Тек әлеммен байланыс тәсілі басқаша”, - дейді ол.
Ер адам аутизм ауру емес екенін, бұл ерекше даму жолы екенін атады.
“Қазір мен осындай балаларды зерттеп жүрмін. Көп ата-анамен сөйлесем, олардың балалары да сөйлемесе де, сурет салады, музыка сезінеді, сандармен ойнайды. Біздің қоғам мұндай баланы көрсе, ең алдымен “мүгедек” деп көк қағаз береді. “Ауыру” деп аят қылады. Бірақ бұл дұрыс емес. Аутизм – ауру емес. Бұл — ерекше даму жолы. Бұл балалар – мүгедек емес, дарынды. Олар шындықты басқаша сезінеді, оны айту үшін қалыпты тілді емес, музыка, сурет, қозғалыс, дыбыс сияқты ішкі тетіктерін қолданады” - дейді әке.
Сондай-ақ, аутист балаларды қабылдап, оларға мүмкіндік бере білу керек екенін айтты.