Қоғам
Қадір түні: Астанада бүгін кешке автобустар тегін болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2025
- 105

Автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де
Бүгін 26 наурыз күні Қадір түні кешке Астанада мешіттерден тегін жеткізетін арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Автобустар 22:00-ден бастап қатынайды. Автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
- «Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы.
- «Әзірет Сұлтан» мешіті – «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.
- «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.
- «Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығы.
«Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді», – делінген әкімдік хабарламасында.