Қызылордағы перзентханада босанған әйел ВИЧ жұқтырған: Денсаулық сақтау министрі істің мән-жайын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2025
- 3.0k

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанған әйелдің иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыруна пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген денсаулық сақтау министрі жұқпаның көзі ретінде инкубациялық кезеңде қан тапсырған науқас анықталғанын мәлімдеді.
«Оқиға перинаталдық орталықта болған. Бұл жағдайға қатысты тиісті зерттеу жұмыстарын осы қызметті үйлестіретін республикалық орталықтар жүргізді. Тексеру нәтижесінде инфекция көзі болған науқастың серонегативті кезеңде қан тапсырғаны анықталды. Яғни, ол ВИЧ жұқтырған, алайда сол сәтте жүргізілген қан талдауы бұл диагнозды растай алмады", – деді министр.
Әлназарова медициналық көмек көрсету барысында ешқандай рәсімдік немесе стандарттық бұзушылықтар тіркелмегенін айтады. Ал зардап шеккен әйелге мемлекеттік бюджет есебінен ем-дом көрсетіліп жатыр екен. Министр бұл жағдайға байланысты кейбір тұлғалардың жауапкершілікке тартылатыны туралы сұраққа нақты жауап бермеді.