Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Меруерт Түсіпбаева Алматыда 6-қабаттан секіріп көз жұмған келіншекке қатысты ойын айтты

Меруерт Түсіпбаева Алматыда 6-қабаттан секіріп көз жұмған келіншекке қатысты ойын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң концерт қоя бастайды

Белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева жақында Алматыда 6-қабаттан секіріп көз жұмған келіншекке қатысты өз ойын білдіріп, жас қыздарға өз кеңесін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі 21 жастағы келіншектің өліміне сенгісі келмейтінін жеткізді.

“Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім. Алматыда айдың күннің аманында Ажар деген әп-әдемі келіншек 6-қабаттан секіріп өлді. 12 мүшесі сау, ҚазҰУ- ды аяқтап, Абай атындағы ҚазПҰУ-да оқып жатқан еді. Артында Нұрдәулет деген баласы қалды. Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп, қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды. Анасы Жанна ханым ,талай қиындықты басынан кешсе де, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузалидың лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой.  Біз де дәлелдеуіміз керек?! 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап, 6-қабаттан неге секіреді?! Мүмкін емес. Ал, кім сенеді?!”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар жас қыздарға өздеріне қол көтеретін жігіттерден қашуға кеңес берді.

“Сіздерден өтінерім, қыздар?! Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң концерт қоя бастайды. Бір минутта шыдамаңыздар, ондай күйеулер өзгермейді. Қолын бір рет көтерген ез сорақылығын жалғастырады. Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға қамалды. Қанышерге сондай жаза берсін! Бұл трагедияны резонанс жасап, тарату керек”, – деді эстрада жұлдызы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар