“Қыздар өздері мені ұрып, бетімді тырнады”: шымкенттік жігіт кафедегі жағдайға қатысты өз шындығын айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2025
- 1.3k

Шымкент қаласында желі арқылы танысып, есепшотты төлемей, қыздарды ұрып кетті деген жігіт өз шындығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өзін Айдарбек деп таныстырған жігіт редакциямызға хат жазды. Айтуынша, кофе ішіп отырғанда екі қыз өздері хат жазып, сол мекен-жайға келген.
“20 наурызда Шымкент қаласы, Абай ауданындағы ЖК “Гранд Парк” астында орналасқан кофеханаға бардым. Мен онда жиі кофе ішемін, маған ұнайды. Сол күні екі қыздың біреуі маған WhatsApp-тан жазды. "Қайдасыз?" деп сұраған соң мекен жайымды айттым. Олар келіп, жанымдағы столға отырды. Қыздардың счётын жеке есепте деп официантқа ескертіп қойдым. Мен оларды свиданиеге шақырған жоқпын, ешнәрсе уәде еткен жоқпын. Олар мені бірінші рет көріп тұрған адамдар”, - дейді ол.
Жігіт өзінің ол қыздарды танымайтынын және өзі ішкен кофесінің ақшасын төлегенін айтады. Сондай-ақ видеода оның ас ақысын төлеп шығып кеткенін, ал қыздардың қашып бара жатқанын байқауға болады.
“Біраз уақыттан кейін әңгімелері тым интимді болып кеткен соң маған жақпады. Орнымнан тұрып, Жақсы қыздар деп шығып мен өз жегеніметөледім. Ақша төлегенім туралы видеокамераға түскен. Ал қыздар шотты төлемей, официанттарды елемей, көліктеріне қарай қашып кетті. Бұл жағдай да видеокамераға түсіп қалған. Мен официантқа көмектесейін деп, олардың соңынан бардым. “Ішкен-жегендеріңнің шотын төлеңдер, әйтпесе официанттың айлығынан қысқартады” дедім. Содан бір қыз көліктен түсіп, ішке кірді. Біраздан кейін осы қыздар қайтадан көлікпен келіп, мені видеоға түсірмес бұрын, мені әбден балағаттап, анама тіл тигізіп, әбден арандатты өздерін ұрсын деп.
Ол ойлары іске аспаған соң мені видеоға түсіріп, балағат сөздер айта бастады.
Олар шотты өздері төледік деп, мені қашып кетті деп айтып жүр, бірақ бәрі керісінше болды: олар шотты төлемей көліктеріне қарай қашты, бұл жағдай да видеода айқын көрініп тұр. мен оларға шотты төлеуді ескерттім. Оларды ешқайда шақырған жоқпын, уәде еткен жоқпын. Мен тек официантқа көмектескім келді. Ешқандай жұлқылау, ұру немесе күш көрсету болған емес. Оның барлығы келесі видеоларда анық көрініп тұр. Қыздар өздері мені ұрып, бетімді тырнап, тырнақтарын өздері сындырып алды.Менің жайлы тараған ақпарат – шындық емес”, - дейді жігіт.
Өзін жеке кәсіпкермін, бірақ кәсібім аталмасыншы деп өтініш айтқан жігіт екі қызды сотқа бергенін айтты.
"Олар жігіттерді арбап, осындай заңсыз әрекеттерге итермелейтін сияқты көрінді. Мен аудандық полиция бөлімшесінен бөлек істі прокуратураға өткіздім. Соңына дейін зерттеп, ақиқатты тарататын боламын",-дейді жігіт.