«Есіме түссе, кеудем қысылып кетеді»: Айнұр Тұрсынбаева ажырасқаннан кейінгі көрген қиыншылықтарын есіне алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2025
- 138

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бірнеше жыл бұрын ажырасқаннан кейін қиналғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2016 жылы бұрынғы күйеуімен ажырасқан ақын қаржылық қиындыққа тап болған.
«2016 жылы Меккеге ауыр халде келгенмін. Ажырасу, үлкен қарыз, тығырыққа тіреліп, ауыр депрессияда жүрдім. Дәл осы жерде домалап жылап жатып, «Аллаһым, берушілерден қылшы, мені қуантшы, саған түк емес қой мені қуанту» деп жылағанмын... бірақ дұғам қабыл болады деген сенім 0 болды. Бәрі бітті, енді осылай сорлап қаламын деп қана ойладым. Есіме түссе, кеудем қысылып кетеді... Алладан көп нәрсе сұрадым ғой.
Бизнес бастайын десем көк тиын жоқ, тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ, айтыста қара тізімге кіргізіп тастады, тойларға, қыз ұзатуға 200-300 мың теңгеге шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға да көп шақырмайтын. Қолымнан түк келмейді, не істеймін деп тығырыққа тірелдім де қалдым», - деді Айнұр Тұрсынбаева.