«Сотта іш киіммен отырған»: Алматылық экс полиция бастығы қатаң жазаланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 наурыз, 2025
- 1.1k

Сотта ұйқысырап, жартылай жалаңаш отырған. Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары соттағы әдепсіздігі үшін судьядан сөз естіді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Көші-қон қызметін басқарған экс-полицей Қайыржан Тоқтыбаев осыдан үш жыл бұрын болған іс бойынша жауап беріп жатыр. Сот 2022 жылы күйеуі тірідей өртеп жібермек болған Индира Тергеубаеваның ісі бойынша өтуде. Бір ажалдан қалған келіншек күйеуін көші-қон полициясы дер кезінде депортацияласа, мұндай жағдайға душар болмас едім дейді. Сот отырысына іш киіммен қатысқан экс-полицейдің әрекеті «сотты сыйламау» деп танылған. Полицейге қатаң сөгіс айтып, әдеп сақтауын ескертті.
«Полиция қызметкерінің сот отырысына киім әдебін сақтамай қатысқаны үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Себептеріне қарамастан, мұндай іс-әрекетке жол берілмейді және кәсіби этикаға сәйкес келмейді. Тексеру қорытындысы бойынша ол қатаң тәртіптік жазаға тартылады», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ұқсас жаңалықтар
Оразадан кейін ағзаны қалпына қалай келтіреміз?
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 наурыз, 2025