Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді
Сурет: sputniknews.ru
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан

Жамбыл облысында тағы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 28 наурызда Астана уақытымен 16:00-де жер сілкінісі тіркелді. 

Дүмпулер Жамбыл облысында тіркелді. 

Есептік қарқындылығы нақтылануда. 

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Бүгін Жамбыл облысында жер сілкінісі болды. Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар