Екібастұзда 19 жастағы қызды жігітінің досы зорлады: бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 наурыз, 2025
- 2.0k

Екібастұзда 19 жастағы қызды жігітінің досы зорлап тастаған. Бойжеткен бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Немолчи” қоры мәлімдеді. Қызды жігітінің досы оны қызмет көрсету станциясына алдап апарып, зорлаған. Салдарынан ол бірнеше жерінен жарақат алған.
«Оқиға туралы қыз жігітіне айтады, ары қарай екеуі полиция бөлімшесіне барады. Олар да қыздың сол кездегі жағдайын көріп, оларды ауруханаға жібереді. Ал күдікті өз кінәсін мойындаған. Бірақ ол еркіндікте жүр, оған ешқандавй шара қолданбаған. Ер адам қызды ізінен аңдып, оны қорқытқан. Не істерін білмеген қыз арызын қайтарып алады. Енді полиция ол жалған ақпарат бергені үшін үстінен іс қозғап жатыр», - деп жазды қор.
Ендігіде қыз 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар полиция депатаменті түсініктеме берді.
«Қажетті тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, онда барлығы өзара келісім бойынша болғандығы анықталды. Бастапқыда қала тұрғыны жалған ақпарат бергенін ескере отырып, жалған сөйлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді полицейлер.