Мәдениет
«Менің көзімдей етіп, тағып жүр»: Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне ерекше кулон сыйлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 наурыз, 2025
- 114

Мақпал Жүнісова Аишаға өзінің жақсы көретін кулонын сыйға тартты
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнердегі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның үйіне айттап барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші Бүркітпен көрші екенін айтып, Аишаға сыйлығын ала барған.
“Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық. Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым. Аман болыңдар, көршілерім!”, – деп жазды әнші
Мақпал Жүнісова Аишаға өзінің жақсы көретін кулонын сыйға тартты.
“Жақсы көретін кулоным бар еді. Соны өзіңе сыйлағым келеді. Ұлттық нақышта жасалған. Өте әдемі. Менің көзімдей етіп, тағып жүр. Менде мұндай әшекей бұйым көп. Бриллианттардан үй соғамын ба, жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын”, – деп ағынан жарылды халық әртісі.