Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Олар күн сайын ананас пен банан жейді»: Қайрат Нұртас өзінің арқасында отбасының шалқып өмір сүріп жатқанын айтты (ВИДЕО)

«Олар күн сайын ананас пен банан жейді»: Қайрат Нұртас өзінің арқасында отбасының шалқып өмір сүріп жатқанын айтты (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөздерден
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың бұл сөздерін талқыға салып жатыр

Әнші Қайрат Нұртас өзінің арқасында отбасының шалқып өмір сүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде әншінің сұхбатынан үзінді тарады.

«Олар менің ата-анам болғанына, екі бауырым Қайрат Нұртастың інісі болғанына, бала-шағам менің отбасым болғанына кінәлі емес қой. Олар күн сайын ананас пен банан жейді. Бәрінің астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп отырған мен, олар оны мойындайды», — деді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың бұл сөздерін талқыға салып жатыр.

«Бізде күнде банан жейміз Қайрат Нұртас болмасақта», «Менде кінәлі емеспін. Қайрат Нұртаспен бір ауа жұтып жатқаныма», «Мынау сау кезi ма, әлде ішіп алған кезі ма?» деп жазды олар.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар