Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теміртауда зейнеткерді тепкілеп, видеоға түсірген бір топ жасөспірім қамауға алынды

Теміртауда зейнеткерді тепкілеп, видеоға түсірген бір топ жасөспірім қамауға алынды
kyn.kz
Шарасыз қарияны сабағандардың ата-анасы да жауапқа тартылады.

Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер қамалды. Олар қартты қалай қорлағанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Енді осы әрекеттері үшін күдіктілердің ата-аналары да жауапқа тартылады. 

Күдіктілер ұйықтап жатқан 67 жастағы зейнеткердің пәтерінің есігін қағып, өздерін электр маманы ретінде алдап таныстырады. Үйіне кірген бойда қарияны аяусыз соққыға жығып, балағаттап, бетіне түкірген. Учаскелік инспектор жасөспірімдердің қорлығын естіген бойда қолға түсірді. Қылмыстық іс қозғалып, барлығы қамауда отыр.

"Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде кәмелетке толмағандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті деңгейде қарамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер де профилактикалық есепке алынды",-дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар