Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Марқұм Шерзаттың әпкесі көпірден секіріп өлмек болды

Марқұм Шерзаттың әпкесі көпірден секіріп өлмек болды
коллаж kyn.kz
Ол суицид жасамас бұрын өлімге кімнің итермелегенін видеоға жазған.

Талғардағы қады оқиғада қаза болған шерзат Болаттың ағасының қарындасы Бақыт Реймова өзіне қол салып өлмек болды. Ол бұған өздерін желіде қатты сынап, қайғыдан қаржы жасамақшы, алаяқтар деген сынды жала жапқан  адам итермеледі деп видео жазған. Оны  өліміне кінәлі ретінде айғақ қалдыру мақсатында журналист Жан Ахмадиевке жолдапты.

"Шерзат бауырым өмірден өткеннен кейін Бауыржан Абдрахманов деген кісі пайда болды. TikTok-та отырып, тиісе бастайды. “Қаржаубай андай, Нұрқанат мынандай” дей бастайды. Сол аралықта Нұрқанатым өмірден өтті. Нұрқанаттың өліміне тікелей осы кісі кінәлі. Неге? Себебі осылай сөзбен жей берді. Менің өліміме тікелей Бауыржан Абдрахманов кінәлі. Мені суицидке сол кісі итермелеп тұр",- дейді видеода Бақыт Реймова. 

Реймова Райымбек даңғылының бойындағы аспалы өткелден секірмек болған кезде оны полицейлер байқап, аман алып қалған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар