Қоғам
Пхукетте қазақстандық туристтер отырған катер жарылды: СІМ пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 сәуір, 2025
- 532
Катерде Қазақстанның 4 азаматы болған
Сыртқы істер министрлігі Пхукетте жарылыс болған катерге қатысты қатысты пікір білдірді. Ол жерде қазақстандық турситер де болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болғаны белгілі болды.
«Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Екі азаматтың паспорттары өртеніп кетті. Ертең консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, содан кейін Қазақстанға орала алады», дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетсек, бүгін Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылған болатын. Бортта қазақстандық туристердің де барын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қарағанды облысындағы кафе жарылды: 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды
- авторkyn.kz
- 13 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




