«Денесі ісіп, иістеніп кеткен»: Шуда мәйіті аурухана жертөлесінен табылған жас ананың өліміне қатысты тексеру басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2025
- 449
Шу ауданындағы ауруханың жертөлесінен мәйіті табылған келіншекке қатысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға бойынша тексеруді бастады. Аурухананың бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерінен шеттетілген.
«Тексеру жүргізу кезеңінде Шу ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан шеттетілді.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс шығарылды.
Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын бұзуға жол берген басқа адамдарға қатысты да жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады», - делінген министрлік хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысының әкімімен өңірлік босандыру қызметі жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылады.
«Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымына мониторинг жүргізуге бастамашылық жасады.
Бұдан басқа, Шу көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің төсектерін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді өңірлендірудің II деңгейіне сәйкес келетін аудандық орталық аурухана деңгейіне ауыстыру жоспарланып отыр», - дейді ведомство.
Қазақстанда декреттік төлемдерді есептеу тәртібі өзгерді
Ұқсас жаңалықтар
Бразилияда жарқанаттардан короновирустың жаңа түрі пайда болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қазан, 2025
Қазақстандық әйел донар болып, алты адамның өмірін сақтап қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қазан, 2025




