Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Су тасқыны: Абай облысында тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты

Су тасқыны: Абай облысында тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты
Сурет: freepik.com
Аудан әкімі мен ТЖД басшылары ауылдың 30-ға жуық ауласына су кіргенін хабарлады

Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Қызылжар ауылында өзендегі мұз кептелісінің салдарынан су деңгейі көтеріліп, бір көшедегі үйлердің ауласына су кіре бастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 «5 сәуір кешкісін тұрғындар алдын ала қауіпсіздік мақсатында үйлерінен шығып кеткен. 26 адам уақытша ауыл мектебіне орналастырылды. Мал-мүлікті қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына 123 адам, 39 техника, соның ішінде үш қайық тартылды. Қазір мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

6 сәуір күні облыс әкімі Берік Уәли оқиға орнына барып, тікұшақпен өзен арнасын бақылап, жедел штаб отырысын өткізді. Аудан әкімі мен ТЖД басшылары ауылдың 30-ға жуық ауласына су кіргенін хабарлады. Жағдай бақылауға алынған.

«Қызылжар – жыл сайын су басу қаупі туындайтын ауылдардың бірі. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Мұз жару жұмыстарын бүгін кешке дейін аяқтау керек», – деді Берік Уәли.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар