Қоғам
Жол жабық екенін ескермеген: Ақмола облысында көлік жүргізушісін су ағызып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 сәуір, 2025
- 113

Көлікте үш адам болған
Ақмола облысында жол талғамайтын көлікті ағыс алып кеткен. Ол су басқан учаскені кесіп өтпек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 5 сәуірде "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" тас жолының 963 шақырымында орын алған.
"Жүргізуші шектеуге қарамай полиция бекетін айналып, су басқан учаскені кесіп өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті", – деп түсіндірді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлікте үш адам болған. Екі жолаушыны полиция мен ТЖМ қызметкерлері құтқарып қалған. Ал жүргізушінің мәйіті түнде табылды.