Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Түркістан облысында қызғалдақты теріп алған әйел 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Түркістан облысында қызғалдақты теріп алған әйел 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Сурет: ulysmedia.kz
Әйел Қызыл кітаптағы гүлдерді кесіп, теріп алған

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты терген әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видео halyqstan телеграм арнасында жарияланды. Видеода әйел адам Қызыл кітаптағы гүлдерді кесіп, көлігіне салып жатқаны көрсетілген. 

БАҚ мәліметінше, видео осы жексенбіде түсірілген. 

Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлғандарға
    •    3000 АЕК (11 796 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады,
    •    Немесе қоғамдық/түзету жұмыстарына жіберілуі мүмкін.

Бұл — жай ескерту емес, нақты заңда қарастырылған жауапкершілік.

Ғалымдардың айтуынша, табиғи қызғалдақтар пиязшық арқылы емес, негізінен тұқым арқылы көбейеді. Бұл тұқымдар топырақта 4 жылдан 7 жылға дейін жатады, содан кейін ғана өніп, жаңа гүлге айналады. Егер адамдар оларды үнемі жұлып жүре берсе, табиғи қызғалдақтар мүлде жойылып кетуі мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар