Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Банктер өз қожайындарына миллиардаған дивидент төлейді»: Депутат банктердің акционерлеріне салық салуды ұсынды

«Банктер өз қожайындарына миллиардаған дивидент төлейді»: Депутат банктердің акционерлеріне салық салуды ұсынды
Сурет: parlam.kz
Депутат 100 млн теңгеге дивидент алатын акционерге 10 пайыз, 1 млрд теңгеге дейін алатынын акционерге 15 пайыз салық салу нормасын ұсынуы керек деп мәлімдеді

Депутат Ермұрат Бапи Қазақстандағы банктердің акционерлеріне салық салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz

Мәжілісмен Ермұрат Бапидің айтуынша, Орталық Азиядағы ең ірі банктер Қазақстанда шоғырланған. Жалпы аккумуляциялық сомасы 55 трлн теңге деп есептеледі. Бұл Қазақстанның екі бюджетінен артық сома. 

«Осы банктер өз қожайындарына, акционерлеріне миллиардаған дивидент төлейді. Ірі акционерлер 100 млн теңгенің үстінде дивиденд алады. Бірақ бұлар салық режимінен босатылған. Бәлкім, сіздер екі рет салық салынбайды дейтін шығарсыздар. Бірақ біздің елдің бюджеті әлеуметтік мақсатты көздейді. Біздің бюджеттің 53 пайызы әлеуметтік салаға кетсе, дамуға жұмсалатыны 20 пайыздан аспайды. Ендеше, банктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін көтеру үшін дивиденттерге салық салу мәселесін қарастыру керек деп ойлаймын», – дейді ол.

Ермұрат Бапи 100 млн теңгеге дивидент алатын акционерге 10 пайыз, 1 млрд теңгеге дейін алатынын акционерге 15 пайыз салық салу нормасын ұсынуы керек деп мәлімдеді. 

Жұманғарин мұндай ұсыныс болса қолдайтынын айтты. Бірақ 100 млн теңгеге 10 пайыз көп болады деп есептейтінін айтты.

«Мәселен,100 млн теңгеге дейін дивидентке 5 пайыз, 100 млн-нан  бір млрд теңгеге дейін 10 пайыз, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 15 пайыз шамасындағы көрсеткішті пысықтауға болады», - деді Серік Жұманғарин. 

Оның айтуынша, бұл талап тек банктерге ғана емес, сонымен қатар дивидент алатын барлық адамдар мен ұйымдарға қатысты болады.

Ермұрат Бапи аталған мәселе жұмыс тобында қаралар деп үміт білдірді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар