Мәжіліс отырысында Салық кодексінің жаңа жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2025
- 634
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жаңа кодексті 94 депутаттың 76-сі қолдады, 7-еуі қарсылық танытты. 9 депутат қалыс қалды. Бір депутат дауыс бермеді.
Үкімет қосылған құн салығы бойынша шекті мәнді 40 миллион теңге деңгейінде белгілеуді ұсынып отыр. Қосымша құн салығының мөлшерлемесі – 16% болады.
Кейбір салалар ҚҚС төлеуден босатылды. Қосымша құн салығынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология босатылады.
Үкімет әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында ҚҚС-тан босатылған дәрі-дәрмектердің тізімін анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге салық салынады. Оның сыйақысы – 10%. Әлеуметтік салада корпоративтік табыс салығы асықпай енгізіледі. 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады.
Банктік операцияларға да қосымша құн салығы салынады.
Жекелеген салалар үшін салық мөлшерлемелері мынадай болады:
- Банктер үшін – 25%
- Құмар ойын саласы үшін – 25%
- Әлеуметтік бағыттағы мекемелер үшін – 10%
- Өңдеу өнеркәсібі үшін – 10%
- Ауыл шаруашылығы үшін – 3%
Негізгі салық мөлшерлемесі 20% болып қала береді.
Қазіргі уақытта депутаттар ұсынған шараларды талқылау жұмыстары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2025
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




