Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Алматының полиция департаменті растады.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, қажылыққа ұша алмаған туристер шағым түсірген. Данияр Имашев соларға жолдама сатқан «Qazaq travel» компаниясының атқарушы директоры болып шыққан.
Алматының полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тергеліп жатыр.
“Ресми түрде 50-ге жуық азаматтан арыз түсті. Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданасын болады”, - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ажырасқанда төленетін баж 19660 теңгеге көтерілуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 наурыз, 2026
Блогер Жанабыловтар ісі: Астанада сот отырысы басталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2026




