“Біз бәріміз қазақпыз”: қоғамды шулатқан курьер мен тұтынушы қол алысып татуласты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 183

Соңғы күндері Magnum желісі айналасында туған дауға нүкте қойылды. Курьер мен тұтынушы қол алысып, татуласқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Курьер Magnum -дегі жұмысына қайта кіріскен.
"Әлеуметтік желіде соңғы күндері маған және магнумға қатысты әңгімелер болып жатыр. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін. Өмір болған соң түсініспеушіліктер болады. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп татуластық. Қазір Magnum-да жұмысымды жалғастырып жатырмын. Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағымым жоқ. Біз бәріміз қазақпыз" - деді жеткізу қызметкері.
Өз кезегінде тұтынушы да өз қатесін түсінгенін айтты.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен курьерді жұмыстан шығаруына байланысты Magnum-ға бойкот жариялаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Қылмыс құрамы жоқ": "Қостанай-Ресей жері" деген азаматқа қатысты іс тоқтады
- авторkyn.kz
- 31 мамыр, 2025
"5 бала жетім қалды": 20 жылдыққа барған әйелді қызғанған күйеуі атып өлтірлі
- авторkyn.kz
- 31 мамыр, 2025