«Біз де қазақ тілін құрметтейміз»: Magnum компаниясы халықтан кешірім сұрады (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 сәуір, 2025
- 848

Magnum ірі бөлшек сауда желісі соңғы күндері елді дүрліктірген оқиғаға қатысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Magnum желісі курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түскен болатын. Курьердің тұтынушыдан қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен. Бұл әрекеті үшін оны компания басшылығы жұмыстан шеттеткен. Осыдан кейін қазақстандықтар компанияға бойкот жариялады.
“Magnum” компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады.
"Бұл жағдай елді дүрліктіріп, мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Magnum басшылығы атынан барлық құрметті клиенттеріміз бен отандастарымыздан шын жүректен кешірім сұраймыз! Халқымыз ұстамдылық және парасаттылықпен кез келген дауды шеше білген. Қазір қызметкер мен клиент арасындағы түсініспеушілік толығымен жойылды. Олар қол алысып татуласты. Бір-біріне өкпе-реніші жоқ. Ал курьер жұмысын жалғастырып жатыр. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз басты құндылығымыз. Оны білу әрқайсымыздың асыл парызымыз”, – деді Нияз Шапақ.