Басты жаңалықтар
143 622 теңге: еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 сәуір, 2025
- 700

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 465 мың адамды құрайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңге зейнетақы төленген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның 337,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 706,7 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бөлінгені хабарланды.
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 465 мың адамды құрайды.
«2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге», - делінген хабарламада.