Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тайландқа жоғары жалақыға жұмыс істеуге кеткен қазақстандықтар құлдыққа түсіп қалған

Тайландқа жоғары жалақыға жұмыс істеуге кеткен қазақстандықтар құлдыққа түсіп қалған
Сурет: rus.postimees.ee
Басшылары ірі көлемде ақша төлесе ғана, құлдықтан босататынын айтқан

Тайландқа жұмыс істеуге кеткен қазақстандықтар құлдыққа түсіп қалған. Олар жалақысы жоғары жұмыс іздеп барған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Dunyo.info-ға сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің сөзінше, оларға Тайландтағы жұмыс беруші интернет арқылы жоғары жалақы ұсынған. Тайландқа Өзбекстан арқылы билет алып берген. Сол жерден 4 қазақстандық пен бірге 8 Қырғызстан азаматы, 2 Өзбекстан азаматын заңсыз жолмен Мьянмаға алып кеткен. Қылмыстық топтың құрығына түскен азаматтар мәжбүрлі түрде call-орталықта жұмыс істейді. Басшылары ірі көлемде ақша төлесе ғана, құлдықтан босататынын айтқан.

Тайландтағы Қазақстан мен Өзбекстанның дипломаттары азаматтарды бірігіп құтқарып қалды. Олар босатылып, Маесот (Тайланд) шекаралық пунктіне жеткізілды. Уақытша жататын орын мен тамақпен қамтамасыз етілген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар