«-3°С дейін үсік жүреді»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 сәуір, 2025
- 84

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. 14-тен 16 сәуір аралығында еліміздің көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.
«Оңтүстік-шығыста және түнде орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Кей өңірлерде тұман, бұршақ, шаңды дауыл және шквалболады. Жетісу облысындағы Алакөл маңында 30 м/с дейін жететін қатты жел күтіледі.
Үсік түнде мына өңірлерде жүруі мүмкін:
- Ақмола,
- Қостанай,
- Солтүстік Қазақстан,
- Ақтөбе облысының солтүстігі – -3°С дейін.
Астана:
• 14 сәуір: жаңбыр, түнде кейде қатты. Жел 15–20 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +13…+15°.
• 15 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.
• 16 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз бұлтты. Түнде 0…+2°, күндіз +13…+15°.
Алматы:
• 14 сәуір: күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал. Жел 18–23 м/с дейін. Түнде +13…+15°, күндіз +21…+23°.
• 15 сәуір: жаңбыр, найзағай. Түнде +11…+13°, күндіз +19…+21°.
• 16 сәуір: жауын-шашын, найзағай. Түнде +10…+12°, күндіз +15…+17°.
Шымкент:
• 14 сәуір: түнде жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +23…+25°.
• 15 сәуір: жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°, күндіз +23…+25°.
• 16 сәуір: найзағайлы жаңбыр. Түнде +8…+10°, күндіз +18…+20°.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025