Қар, аяз, үсік жүреді: 15 - 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- 15 сәуір, 2025
- 636

"Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Сәйкесінше, жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, түнде батыс, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және таулы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.
15 сәуір түнде Ақмола облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
– Республика бойынша тұман күтіледі. Мамандардың айтуынша, 15-17 сәуір аралығында түнгі уақытта Батыс Қазақстанда, 15-16 сәуірде Атырау мен Ақмола облыстарында, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус үсік жүреді, – делінген ақпаратта.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), күндіз облыстың солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Ақтөбеде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Қарағандыда күндіз найзағай күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысынла, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі. Қостанайда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.