
NeMolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі қамаудан босатылды. Бұл туралы NeMolchi.kz қоры Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оны сот ғимаратының алдында күтіп алды.
"Дина бостандыққа шықты! Бостандыққа шықты! Черногория Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты! Баршаңызға көп рахмет! Дұғаларыңыз үшін, ыстық жүректеріңіз үшін. Көңіліңізден шығып жылап жатырмыз. Енді Динаның өзі сізге хабарласады", - делінген қор парақшасында.
Айта кетсек, осыған дейін NeMolchi.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің (Динара Смаилова) Черногорияда ұсталғаны туралы жазған едік.
Дина Таңсәрі 14 сәуір күні Астана уақытымен сағат 18:30 шамасында видео үндеу түсірген болатын. Ол полиция бөлімінде екенін және оны экстрадициялау ісі 15 сәуірде өтетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің қай аймағында жастар неке көп қидыратыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025