«Сембек екеумізге арнап жазды»: Мақпал Жүнісова “Ғашықтар жыры” әні туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025
- 71

Қазақстанның халық әртісі әнші Мақпал Жүнісова “Ғашықтар жыры” әнінің шығу тарихын айтып, оқырмандарын ғашықтар күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Көпшіліктің көңілінен шыққан әнге биыл 42 жыл толады екен.
“Әнін Кеңес Дүйсекеев ағамыз жазған. Сөзін Шөмішбай Сариев ағамыз жазған. “Ғашықтар жыры” әні еді. 1983 жылы алғаш рет орындалды. Ағалар Сембек екеумізге арнап жазды. Осы күнге дейін хит болып тұр. Біз салған әнді жастар да орындап жатса, тек қуанамыз. Бүгін ғашықтар күні екен. Махаббаттарыңыз баянды болсын!”, – деп жазды әнші.
Артынша, желі қолданушылары өнер иесіне бұл әнді тойларда орындауға ұсыныс айтты. Алайда Мақпал Жүнісова әріптесінің қазіргі кезде Астанада ұстаздық қызметте істеп жүргенін және әйелі бар екенін жазды.