Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Президентті мазақтау бар деп отыр»: Ермек Тұрсынов көрсетілмей қалған фильмі туралы

«Президентті мазақтау бар деп отыр»: Ермек Тұрсынов көрсетілмей қалған фильмі туралы
Сурет: АО "Казахфильм"
Менің жағдайымда бірнеше жол бар: елден кету, үнсіз қалу немесе билікке жағу

Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов өзінің «Бесмойнақ» филбмінің не себепті экранға шықпай қалғанын айтты. Мемлекеттік қаржыға түсірілген бұл туындыны антикор да, Есеп комитеті де, тіпті аудандық полиция да ақ-қарасын тексерген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Exclusive арнасына берген сұхбатында айтты. Ермек Тұрсынов шығармашылық еркіндік үшін күресетінін жеткізді.

«Мәдениет министрлігі ол фильмде президентті мазақтау бар деп отыр. Мен келісім бермедім, яғни монтажымды өзгертпедім. Содан кейін кино мүлдем көрсетілмеді. Картинаны халыққа көрсете алмасам, қайдағы табыс? Өзімнің режиссёрлік жұмысымды аяқтағаным үшін аздаған еңбекақы алдым. «Мемлекеттің қаржысын ұрлады, кино жоқ» деп айыптайды. Бұл таза жала. Фильм бар, тек жарыққа шыға алмай тұр. Министрдің сол кездегі шешімі әлі күшінде. Мен президент Тоқаевтың жеке басына құрметпен қараймын, оған тіл тигізу ойымда болған емес.

Менің жағдайымда бірнеше жол бар: елден кету, үнсіз қалу немесе билікке жағу. Елден кеткім келмейді, бір рет кеттім, жетеді. Үнсіз қалуға да болар еді, бірақ мен көпшілік алдында жүрген адаммын. Мені халықтың өзі сөйлетеді, мен солардың үнін жеткіземін. Мен шығармашылық еркіндік үшін күресемін», – дейді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар