Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болат ісі: басты айыпталушылар сотқа дайын емес екенін мәлімдеді

Шерзат Болат ісі: басты айыпталушылар сотқа дайын емес екенін мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөздерден
Шерзат Болаттың өліміне күдікті ретінде ауыр айып тек екі адамға тағылған

Шерзат Болат ісі бойынша басты айыпталушылар сотқа дайын емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Dalanews.kz сайтына сілтеп жасап.

Бүгін өткен сот отырысында күдіктілер өздері туралы мәлімет беріп, іс бойынша алғашқы түсініктемелерін білдірді. Негізгі айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл — ұлты қазақ, бойдақ, орта білімді, уақытша жұмыссыз екенін айтты. Бұған дейін сотты болмаған. Айыптау актісінің көшірмесін алғанын жеткізген ол сотқа толық дайын емес екенін мәлімдеді.

Судья бұған не себеп болғанын сұрағанда, оның қорғаушысы істі зерттеуді енді ғана бастағанын түсіндірді.

“Біз іске сот процесі басталғанда ғана араластық. Құжаттарды толық қарап үлгермедік. Қорғау позицияларымыз әлі де нақты қалыптасқан жоқ. Абзал Шынасыл өзі де тағылған айыптарды мойындамайтынын айтып отыр”, - дейді.

Сотта тағы бір айыпталушы – Равиль Сәкиев те дайын еместігін айтты. Оның адвокаты сот процесіне дайын болғанымен, жауап алуды кейінге қалдыруды сұрады.

Қалған күдіктілер де өздерін таныстырды.  Олардың арасында Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының тумалары бар.

Еске салайық, Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне күдікті ретінде ауыр айып тек екі адамға тағылған. 

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. 

"Екі күдіктіге: Шынасыл Абзал мен Сәкеев Равильге айып тағылып отыр. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. Мемлекеттік айыптаушының айтқаны сол. Ол іс материалдарымен үйлеседі деп ойлаймыз. Біз, жәбірленуші тарап онымен келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптау актісі", - дейді Шекеев. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар