"Бапкер қайтыс болды": Астанаға жетпей жасөспірім футболшылар мінген автобус аударылды
- автор kyn.kz
- 19 сәуір, 2025
- 1.3k
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні Mercedes шағын автобусының қатысуымен болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, балалар отырған шағын автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, көлік аударылып кеткен. Салонда 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала және бапкер болған. Олар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан. Апат салдарынан бапкер оқиға орнында қаза тапты. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді, дәрігерлер бақылауында", – делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз хабарламасында.
Ведомство автобус балаларды полицейлердің патрульдік ілесуімен алып жүрмегенін атап өтті.
"Жеке спорт мектебінің басшылары өз шәкірттерін жарысқа жібергенімен, полицияны бұл туралы хабардар етпеген. Осы себепті патрульдік ілесу ұйымдастырылмаған. Қазір бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілдері.
Синоптиктер елімізде күн жылитынын болжады
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




