Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық»: Ерке Есмахан күйеуі Раймды туған күнімен құттықтады

«Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық»: Ерке Есмахан күйеуі Раймды туған күнімен құттықтады
Сурет: ашық дереккөздерден
Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр

Ерке Есмаханның күйеуі Райм туған күнін отбасымен жаңа үйінде қарсы алды. Бұл туралы әнші Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Раймды жаңа жасымен құттықтаған Ерке Есмахан бұл үй балаларына арналып сатып алынғанын мәлім етті.

"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да Раймды жаңа жасымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар